Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  86


Автор: Құл-Керім Елемес

ҮНДЕСУ

Ибраһим мен Шәкәрім,
Мұқаметқали,
Құл-Керім,
Жүзуде иман шәһәрін,
Шығарып нәпсі күл-парын...
Бір шындықты олар мойындап,
Мың жалғанды олар тәрк етті.
Дүние – күйік уайым қап,
Шыққан ақ күндей жарқ етті.
Жарқ еткен сол ақ жарықтан,
Дүние соқыр бет бұрды.
Ақыл сонда аумай ғарыптан,
Жылағысы өксіп кеп тұрды.
Абыжылан бір аумаған,
Жіберердей ол қылғып бір.
Сол жарықты аппақ қаумалап,
Дүние соқыр мүлгіп тұр...
2003.11.5




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу