Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  89


Автор: Құл-Керім Елемес

БАСҚА

Рух басқа.
Жан басқа.
Ілім басқа.
Пән басқа.
Бұл төртеуін айырмай,
Ғылым келмес жамбасқа.
Басқа-басқа болғанмен,
Бір мақсаттың құлдары.
 Біледі оны толғаммен,
Ақиқаттың ділмәрі.
Біледі де мәніне
Үңіледі алға аттап.
Дүниенің әніне
Құлдық ұрмай жалбақтап.
Мақсаттарға ең ізгі,
Оны ұшқан соң нақ танып,
Тебірентсе де теңізді,
Жатпайды олар мақтанып!
Рух басқа.
Жан басқа.
Ілім басқа.
Пән басқа.
Бұл төртеуін біл!
Білсең
Аллаһ жәйлі «ән» басқа!..
2007.12.29




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу