Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  103


Автор: Құл-Керім Елемес

АДАСҚАҚ

Жорам менің, қайтейін,
Еріп кеттің басқаға...
Өкінерсің, әй, кейін,
Басыңды ұрып тасқа, аға!
Тәтті тілін емізген,
Астына уын жасырып.
Құпиялы, сен, ізбен,
Жүріп кеттің бас ұрып...
Өзің кетпей кетсең де,
Айналаңды ап барасың.
Әй, қателік көп сенде,
Жанға түскен жарасың...
Сияқтанып Намұрыт,
Ақ, қарадан тұл болдың...
Діннің тонын жамылып,
Саясатқа құл болдың!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу