Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  88


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖЕР

Ей, адам!
Адамын нәпсісіне тонатқан надан!
Көрдің бе, анау «Көр»!
Көзіңді аш та көр!
Уақыт уақтыңды жер...
Жер сені жер!..
Мәңгі емес, біл, төр!..
Біреу Жерді нұсқап тұрып: «Жер» десе,
Ол сені ертең жейтұғын «жер» дегені!
Біреу Көрді нұсқап тұрып: «Көр» десе,
Ертең «кірер көрің, ал, көр» дегені!
Жер сөзі әуел «же» деп бұйрық ап тұрса,
Сосын «жер» деп ескерту де беріп тұр...
«Же» сөзінде бұлжымайтын хақ тұрса,
«Жер» сөзінде сені жер Жер торып тұр!..
Онда үстінде жүрсің ненің сен білгін!
Жалын Хаққа, көп жылап, бек, кем күлгін!
Ей, ақылды пенде, өзіңді неліктен
Жер жер бұрын нәпсіңе екі жем қылдың?!..
Ұлым, шақыр, тұр қанеки, Азанды!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу