Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  96


Автор: Құл-Керім Елемес

БІЛУ

Бұл жалғанның жалғандығын білдірдің,
Шүкір Аллаһ,
Жәннәтыңа бастай бер!
Білмей қанша бүтінімді бүлдірдім,
Ақылды әлгі Абайларша аспай кер...
Қырық асып, қырық бесте енді ұқтым,
Нұр дегеннің,
Жыр дегеннің не екенін...
Арасында бойлық пенен ендіктің,
Әзер таптым Адам ата мекенін...
Адам ата жер мекені – Мекке екен,
Әрине оның мәңгілігі Жәннәт-ты!
Рухымды нұрландырып Жерде есен,
Нәсіп еткей Атамекен Жәннәтті?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу