Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  99


Автор: Құл-Керім Елемес

ХАҚ БЕРДІ

Хақ беріп ән жасадым,
Күй шығардым,
Мұныммен мүмкін жұртқа сый шығармын.
Өмірден соны білдім, шыным осы,
Иманмен оңады екен қисық әркім.
Хақ беріп күй шығардым,
Ән жасадым,
Бойда қан, ойнат талай жанда сағым.
Бірақ та келіп қана хақ иманға,
Шындыққа анық, айқын қам жасадым.
Ән шырқап,
Күй де шертіп,
Жаздым өлең,
Болмаған шығар еш те сазды менен.
 Ақылым жеткенінше шынды сүйдім,
Бірақ та туа бітті азғын емен.
Өнер де Аллаһ берген керемет-ті,
Өнерден сездім талай кереметті...
Сан шүкір хақ Аллаһқа, Аллаһ берген,
Мені иман,
Өнерді иман ерен етті!..
Әлхәмдулилләһ!
2012.1.31




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу