Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  81


Автор: Құл-Керім Елемес

ЕСКЕРТУ

Сендерге анықты ұқтыра алмай барам өзімді өлтіріп.
Жүректі иман,
Көкіректі хақ Құранға толтырып,
Хақ жолында тек Хақ ісін хақтауларың шарт еді,
Адам болып ақиқатшыл болмай жортқан бөлтірік...
Мен кетірген қателікті етпеулерің шарт еді,
Нәпсі қуған найынсапсыз ақылдының арты еді.
Ал анығы ақиқатқа уызында жарыған,
Аллаһ жолын тек қуған құл адамзаттың нарты еді.
Сендер білген хақ шындықты талай бітеу білген жоқ,
Білместіктен талай бітеу Хақты көзге ілген жоқ.
Күлді өмірде, бірақ-бірақ, анығына келгенде,
Шын күлкінің не екенін шіміріге білген жоқ.
Білу менен білмеудің шын екі арасы жер мен көк,
Білген биік,
Ал білмеген кетер төмен жермендеп.
Білген биік хаққа шығып қасиеті ханданса,
Ал білмеген жатар төмен төрт аяқтап ербеңдеп...
Бұ дүние әлем менен жәлем толы бір мекен,
Көз қуантар қызығы мол, бұзығы да бірге, тең...
Екі әлемін деп сүрген құл «бақытты етем, нұрлы етем»,
Дінмен болар,
Дінденгенге бұ да нағыз нұр мекен!..
Сондықтан да қате толы істі сендер етпеңдер,
Ақ иманмен Аллаһ берген ақылдардан көктеңдер.
Екі әлемнің қоры болып қалары анық Хақ айтқан,
Хақиқатқа қарсы жүріп хақсыз, қамсыз өткендер!..
2012.1.13




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу