Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  139


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАНЫ АШУ

Хақтан басқа ешкімнің ашымайды жаны ешке,
Оның сыры құл әсте жаратушы еместе.
Аллаһ құлға мейірім берсе ғана ол мейірлі,
Ал болмаса өмірі қор боп өтпек егесте.
Жаны ашуды хақ кімге бағыш етсе ол елжіреп,
Хақ жолында іс қылмақ болмысымен елбіреп.
Зәре қалмай бойында Хаққа құлдық етумен,
Кіршіксізге айналар нұрдай таза мөлдіреп.
Адамға тән тағы бір жаны аз, не көп ашуы,
Пәк сенімнің бойдағы тасуы, не қашуы.
Сенім тасса бойдағы сындыру жоқ шөп басын,
Сенім қашса адамнан тек бұрқамақ ашуы.
Жаны ашуды берсе Хақ рухы ашылып адамның,
Хаққа басқан қандай бір нұрланғаны қадамның.
Тасты ерітіп тамырсыз басса мамық бауырға,
Айналғаны жібекке қасқыр мінез наданның.
Жаны ашуы адамға Хақтың берген сыйы анық,
Ашуы үшін көпке жан хақ Хаққыңды сүй анық.
Хаққын сүйген құл тұтас нұрға айналмақ,
Хақ жолда
Жан ашуың не сенің, әз рухын да қияды!
Бұл биікке жетуі құлдың нағыз сафтауы,
Қылаң қалмай бойында сафилығын сақтауы.
Бұл биіктен көріну адамдағы адамдық,
Періштеден жоғары өз міндетін ақтауы!
2012.1.12




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу