Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  98


Автор: Құл-Керім Елемес

КЕПІЛ

Тәңір жоқ басқа,
Тек Аллаһ қана Егең, сез!
Құлдық қыл Оған, құлдыққа жастық деген кез.
Бөлінген қойдай сыртында жүрсең кір оған,
Исламға кіру – «Жәннәтқа ену» деген сөз!
Жастық нұр шақ ол желбірер желмен кекілі,
Нұрлай алмасаң бар тағы жойқын кесірі...
Нұрлайтын оны Хақ жолы – діні Ислам,
Ислам ғана нұрлап тұрудың кепілі!
Жәннәтқа енудің Ислам анық кепілі!
Немесе Ислам дүние сират көпірі.
Исламға енген Хаққына шексіз құл болып,
Пенделік қалмай жойылған адам кесірі.
Исламға еніп тырыссаң кірсіз құлдауға,
Өзіңді-өзің үйретсең күнә қылмауға,
Сенімде Хаққа зәредей болсаң шүбәсіз,
Бармауың анық өзіңді мұнда бұлдауға.
Шіркін-ай, адам, жастығын бағаламайды-ау!
2011.10.4




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу