Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  70


Автор: Құл-Керім Елемес

БОЛМАЙДЫ

Бала жейді әкені,
Болса әке егер күйгелек.
Бала күтіп мәпені,
Әке ол іске күйремек.
Әке бақты баласы,
Тілін алса екі етпей.
Хақшыл бала қаласыз,
Жан аялдар бекеттей.
Әкенің – бала иманды,
Қазынасы қалдырған.
Ал әке – оған сый мәңгі,
Жәннәт сарай салдырған.
Ата-ана әуел оңғай-ды,
Үйдей болмай қиранды.
Бала иманды болмайды,
Болмай ата-ана иманды!
2011.9.29




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу