Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  94


Автор: Құл-Керім Елемес

ӘЙ, МЕНШІЛІК

Менімнің жауы, әй, меншілік,
Қазір-ақ қойсам имандап,
Қазір-ақ тауып кемшілік,
Қазір-ақ шықтың сыйдаңдап...
Менмендей берсең сыйдаңдап,
Мен қайтып Хаққа иланбақ?
Онда тез өшіп иман қап,
Кетпей ме бойдан жиған бақ.
Ей, меншіл Хақтың пендесі,
Ырыққа Ол үшін көнде осы,
Жарасын меннің емдесіп,
Кәне өтші ал менмен мендесіп.
Сөйтсең мен – менім хақтанып
Хақты хақ танып, мақтанып
кетпей «мен-мен» деп, Нақтанып
үндесер шынмен сафтанып!
Иншаллаһ!
2011.9.11




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу