Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  107


Автор: Құл-Керім Елемес

СӨЙТ

Аллаһ жолға салған құлды,
Ешкім де азғыра алмайды екен.
Аллаһсыз қап азған құлды,
Ешкім жолға салмайды екен!
Салмайды емес, сала алмайды,
Өйту құлдың қолында емес.
Салынған құл қала алмайды,
Құдайсыздық жолында егес.
«Хақ» деп атта алға аттарда,
«Аллаһ» деп ал тынысыңды.
Тек «Хақ» десең Жәннәттар да,
Жарқырарсың күні сынды.
Тіпті түкке,
Түкке алданба,
Білгенге өмір салмақ, бөгет.
Арнал солай құтталғанға,
Аллаһты «Аллаһ, Аллаһ» деп өт!
2011.9.6




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу