Өлеңдер ✍️

  08.02.2022
  84


Автор: Шәмшия Жұбатова

* * *

Шалқығандай от тілі ыстық үйден,
Қызыл күнді бетке алып ұшты күймем.
 
Кешкі шапақ шөмеле төбесіне
Шашыратып қып-қызыл ұшқын үйген.
Көгершіндер қанатын көкте қағып,
Сыңғырлайды күміс су шеттен арық.
Алдындағы күндерге ынтығумен,
Ағыстары Арыстың кеткен ағып.
Өзен-көлі қосылып бар даланың,
Шайқалады шарасы Шардараның.
Айдынында көк аспан теңселгенде
Таңданамын, толқимын, арбаламын.
Көлкіп ұшқан көгілдір Көктөбе-мұң,
Толқып-толқып тұрды да, төкті өлеңін.
Менің аппақ арманым желкен болып,
Бара жатыр ішінде көк кеменің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу