Өлеңдер ✍️

  08.02.2022
  89


Автор: Шәмшия Жұбатова

* * *

Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан,
Шабытым шалқып ақты-жарқын алаң.
Көтеріп аппақ жалау Күн жолымен
Адымдап келе жатыр Алтын адам.
 
Қып-қызыл гүл қыстырдым бар беткейге,
Асқарлы Алатауды қар кептей ме?
Кұс болып құлдилаймын, шарықтаймын,
Жамырап бүкіл ғалам тар боп кейде.
Кеудемде бір үмітім көктеп – өсіп,
Күн толы дүниемде көктем есіп,
Сыңғырлап шалқасынан қайта ашылды,
Жабылып көкірегімде кеткен есік.
Қосумен бір тұмаға бір тұманы,
Жолдарым алға қарап жұлқынады.
Дірілдеп аппақ жұлдыз омырауында,
Қанаты қара түннің жыртылады.
Шашылып құс жолында қанаттарым,
Алқынып, баса алмадым жан аптабын.
Шыңғырды құлын дауыс жүрегімде,
Тармаққа теңселді де танаптарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу