Өлеңдер ✍️

  07.02.2022
  120


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

САЛАУАТТЫҢ ЕЛІНЕ СӘЛЕМ!

Жерің бай, орманың көп башқұртстан,
Ұрпағың келіп-кетеді әрбір тұстан.
Қос жиен нағашылап барып жетті.
Қабыл ал ер қазақты о туысқан.
Үш жүз жыл күрес қылып отан үшін
Қазағым жанын берді сарқып күшін.
 Басқызбай туған жердің топырағын,
Көрсеткен дұшпанына ерлік ісін.
Солардың бірі Артур, Тимур,
Бабадай болады әлі берсе өмір,
Қара деп ұлымызды кемітпесін
Емеспе тасты еріткен қара көмір.
Уа, қарттар аманбысың таспиғы бар,
Өзі айтпас балалардың жастығы бар,
Салты деп қазағымның шешесі айтсын,
–Жиенге ат мінгізу дәстүрі бар”
Қазақта «қалжың»деген сөзіміз бар,
Намысқа шарт сынатын кезіміз бар,
Келген соң өлең жолы айта салдық,
Достықтың ең тірегі өзіміз бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу