Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  104


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ҚАРЫҚ ҚЫЛҒАН НАРЫҚ

Нарықтық қу арбаның жетегі боп,
Бұтына шалбар киіп, етегі жоқ
Ай-жүзі күнге күйіп, қоңырланып,
Байы мен баласы аш, өздері тоқ.
Кейбіреуі ақшаға тәнін сатып,
Тәнін сатқан мүлікке, арын сатып.
Үйренбеген «ұлы» іспен тайраңдатып,
Қазақ қызын тастадық жылымға тік.
Напақасын табам деп отбасының
Қиналған күні құрсын ұрғашының
Үстіне шалбар, бөрік қысып киіп
Көлемін көрсетіп жүр алмасының
Бүл сөзді тасыр ұқпас, саналы ұғар
Асыл сөз текке жатпас, тесіп шығар
Ару қыздар арманы алты алаштың
Айттым кеңес, бас болса тез ойланар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу