Өлеңдер ✍️

  31.01.2022
  197


Автор: Болат Үсенбаев

Жексенбі күн

Әкем кетті базарға,
Шешем жуды кір-қоңын.
Көмек беріп соларға
Томпаң қағып жүргенім.

Істер қамшы салдырмай,
Шаңсорғышты ағам ап.
Жерде қылпық қалдырмай
Шықты бәрін тазалап.

Жалтыратып айнадай
Жуды әпкем ыдысын.
Жарқырайды бар маңай,
Біледі әркім жұмысын.

Тәтті ұйқымнан оятты,
Мен де қарап тұрам ба?
Сүртіп ыдыс-аяқты,
Су құямын құманға.

Атты арайлап таңымыз,
Жексенбіде жұмыс көп.
Жұмылмасақ бәріміз
Береді оны кім істеп?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу