Эсселер ✍️

  20.01.2022
  279


Қазақстан бейбітшіліктің мекені

Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деген. Біздің дұрыс жол таңдап, ізгілік пен сенімге негізделген парасатты саясат жүргізгенімізді сара уақыттың өзі дәлелдеп берді. Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық. Мұның бәрі бізге өздігінен оңай келген жоқ. Ол - біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуге тиіс. Еңсе тіктеген еліміздің алдында ұлан асу, биік белестер тұр. Таяу Шығыс елдеріндегі жаппай наразылық қозғалыстары бәсеңдер емес және жаңа елдерді қамтуда. Күні кеше экономикасы табысты елдер ондаған жылдарға артқа лақтырылып тасталды. Көрнекті ағылшын жазушысы Хаксли былай деген болатын: «Адамдардың тарих қателігінен үйренбегені - тарихтың ең басты сабағы». Фукусима қасіреті бейбіт атомды пайдалану қауіпсіздігіне үлкен проблемалар алып келді. Кезінде Махатма Ганди: «Мен басқа елдер менің бостан елімнен бір нәрсе үйрене алулары үшін өз елімнің еркіндігін қалаймын», деген болатын. Біздің ЕҚЫҰ - ға төрағалығымыздың табысы, 11 жылғы үзілістен кейін ЕҚЫҰ - ның Астана Саммитін өткізу - біздегі бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделін, қазақстандықтардың бірлігін жаһандық мойындау. Біздің еліміз өсіп келеді және өзінің позицияларын нығайта түсуде. Қазақстандықтар қиямет - қайым қиын міндеттерді шешу төңірегінде бірлесіп, табысқа жетуде. Біздің еліміз күшейе түсуде, біздің барлығымыз күшейе түсудеміз.
«Қазақстан Тәуелсіздігін алған сәттен бастап ядролық қарусыздану және таратпау саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналады. 2012 жылғы наурызда Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші саммиттің маңызы зор. Сеул саммиті аясында Вашингтон мен Астананың ядролық қауіпсіздік саласындағы өзекті проблемаларды шешуге бірлесіп салмақты үлес қосатыны, ядролық қарудан азат әлем құру жолында алдағы қадамдарды анықтайтын мүмкіндіктерді қарастыратыны сөзсіз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен Сеулдегі кездесуім кезінде екіжақты қарым - қатынастар мен халықаралық аренадағы қазақстандық - америкалық ынтымақтастық тақырыбы талқыланатынына сенім білдіремін». Бұл сөздердің иесі – АҚШ Президенті Барак Обама. Қазақстан Президенті мұндай әлемдік ауқымдағы мәселелердің талқылануына тікелей қатысу мүмкіндігіне мұнан бұрын да талай рет ие болған. Қарусыздану мәселелеріне арналған Вашингтондағы жаһандық саммит күндерінде Ақ үйдің кеңесшісі Майкл Макфол Барак Обаманың Нұрсұлтан Назарбаевты «ядролық қауіпсіздік мәселесінде «теңесуге ұмтылуға тұратын» көшбасшылардың бірі деп сипаттағанын, Вашингтондағы саммит «оның қатысуынсыз» өтпес еді» дегенін мәлімдеген еді. Бұл құрмет біздің Елбасымызға қалай келген? Бұл абыройға Қазақстан қалай бөленген? Осыған ой жіберіп көрелікші. «Азаттық жолы – азапты, тәуелсіздік жолы – тәуекел» дегендей, өз тізгінің өз қолыңа тиіп, өз тағдырыңды өзің шешетін болған кезде атқарар міндеттерің бұрынғыдан да ауырлай түседі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу