Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  132


Автор: НҰРБОЛАТ ҮСЕНОВ

* * *

Басымда бағым тұрады айналып,
Қатерсіз, қамсыз кезімде.
Келемін қайта бір-ақ айналып,
Тұра ғой, төзім, көз ілме!
Кім көрінгенге елікіте, мейлі,
Орынсыз қонды бақ қашан?!
Желпініп жүрсем желік демейді,
Жөліктің сырын таппасам.
Деп жүрмін күнде «Бетегем берік,
Сөз деген жанға бата ма?!».
Соққылап кетті төтеден келіп,
Не деген дүлей, о тоба!
Серкелерімді саралап тұрып,
Сенімнен кеттім, сенделдім.
Жарық шамдарды жағалап жүріп,
Тас түнек жаққа мен келдім.
Жұпыны жұртты жарлы етем жырға,
Жүрегі барлар қалса, әттең...
Бірге келгендер бар ма екен мұнда?
Отырмын санап саусақпен.
Сыр шертер тарих өшпейтін мәңгі санадан,
Жаужүрек бабам, ерлікпен атың тараған.
Қып-қызыл қанға тұншықтырғанда дұшпанын,
Қасқырдың қанын қанжардың жүзі жалаған.
Өр елеспенен, ерегеспенен шықпас күн,
Ақкөңіл, дархан пейіліңменен жұптастым.
Қасқайып тұрып Қасым хан салған айқындап,
Қасқа жолменен болашағыма нық бастым.
Жыр қылу үшін сан тарихыңды сенделген,
Жаңа ғасырда жаңа буын боп мен келгем.
Жоңғар мен орыс, Хиуа мен Қоқан соққысын,
Тойтару үшін өтіпті күндер сергелдең.
Жаңғырып жатыр найзағай ойнап отты аспан,
Рухыңды көрдім ашқұрсақ жүріп от басқан.
Шынжырлы балақ, шұбар төс батыр, билерің,
Ел қамын ойлап Күлтөбеге кеп топтасқан.
Өткердік бастан сан қилы заман, қасірет,
Тапталмай намыс, тулады бойда жасын от.
Жаратушы ием, ұлықтан қалған ұрпаққа,
Тебінгі тері, темірдей жүрек нәсіп ет!
Сезімді сан ой ала қашқанда,
Самғайды тынбай санам аспанға.
Жырларыңды оқып шабыттанамын,
Беймаза ойлар жағаласқанда.
Жырлары – жібек, қаламы – кесте,
Тағдырға қарсы жарады егеске.
Сағым сынғанда шумақтар келіп,
Мақатаевті салады еске.
Мен болсам от боп жанбаған ұлмын,
Кезсем де бәрін сан дала қырдың.
Шыңына шығып Хантәңірінің,
Жырменен қашап таңба қалдырдың.
Жыр – теңіз жүзген бала қайыққа,
Қаламым үнсіз қалады айыпқа.
Кемеңгер болып үңілу керек
Өлеңмен егіз Мақатаевқа.
Таңырқай қарап біз ғаламатын,
Сұлу жыр алқа – қызға тағатын.
Ғасырды көктеп, ғасырға жеткен
Арыстан жүрек, Мұзбалақ ақын!
Ауылға барсам күйбең тірлікке дөп түсем,
Қалада «бастық» болғанмен мұнда шөкті шен.
Бейнеттен қашып құтылмақ болдым,
Бірақ та,
Күтіп тұр екен орылмай тұрған көк пішен.
Түс қайта сағат төрт пенен бестің шамасы,
Он шақырымдай ауыл мен шөптің арасы.
Ықылық тиген мотоциклді өңгеріп,
Кетіп барамыз ақ тер, көк тер боп, қарашы.
Мінгесіп алдық бір-ақ көлікке он адам,
Ешқандай елде дəл мұндай рекорд болмаған.
Ақ орамалмен үстімді қағып отырмын,
Құтыла алмай маса мен шыбын, сонадан.
Үйренбегенмін жұмысты жолдан тастауды,
Су жаңа орақ, ұстауға қолым жасқанды
Қырық градус ыстығын күннің елемей,
Қырық бау үшін пішенмен айқас басталды.
Кірісіп кеттік бейнетімізбен табысып,
Қос жұмыскерім – қолым мен тілім жарысып.
Икемге келмей жүйкеге салмақ түсірді,
Шылқыған термен арқаға көйлек жабысып.
Демалу – арман, мойныңа жүкті артқан соң,
Құр сүлдең шығар күн ұясына батқан соң.
Масаханаға сүйретіліп кеп құладық,
Бар күш-жігерді пішенге сыйға тартқан соң.
Əңгіме айтып кеш жатып ерте тұрамыз.
Айтпаймын мүлде қиялдан туған құр аңыз.
Ауылдың жайы, саясат, өнер, махаббат,
Барлық саланы ауызбен шолып шығамыз.
Əңгімемізде болмайды кейде ырыс құт,
Ұйқыға кетіп аузымыз тапты тыныштық.
Түрік сериялын таңертең қайта бергендей
Таң атпай тұрып пішенге тағы кірістік.
Сағаттың тілі көрсетті тоғыз жарымды,
– Қайтайық үйге!
Не деген дауыс жағымды!
Пішеннен қайтқан үш дөңгелекті көліктер
Бір-бірін қуып ауылға қарай ағылды.
Елеп ескермей шыжыған күннің тал түсін,
Пішен орам деп қол-аяғымыз талды шын.
Өрістен қайтқан төр түлік мал да жамырап
Өз тілдерімен жаудырып жатыр алғысын.
Ешқандай істің болмайды,
əсте, жаманы,
Бейнеттің елім зейнетін содан табады.
Малдың алғысын алдым деймін-ау, Əй, бірақ,
Адамнан алғыс алып жүргенім шамалы.
Көк пішен орып, тірлікпен таңын атырып,
Тұрады ауыл бейнетке мені шақырып.
Өзіңде өткен
əр күнім – жырым, өлеңім,
Мен үшін ауыл – өлмейтін м
əңгі тақырып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу