Эсселер ✍️

  19.01.2022
  142


Мектеп – өмір бастауы

Мектеп – адамның өмір жолындағы бір тарихи белес. Өкінішке қарай, адамдар өз өміріндегі осы бір кезеңнің ерекшелігін уақытында бағалай бермейді. Иә, мектеп кезеңі – болмысты қалыптастырып, алдағы өмір жоспарларының іргетасын қалайтын шақ. Сондықтан да мектеп пен өмір байланысы туралы ойланған орынды.


 


Мектеп – үлкен өмірге даярлық. Оқушы білімді меңгеру ғана емес, оны игеру машықтарын, ойлану, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу әрекеттерін дамытады.


 


Мектеп – меңгерілген білімді өмірде қолдануға дағдыландыратын шеберхана. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деп Абай айтқандай, арманның көкжиегіне көз тігіп, мақсатты айқындау мүмкіндігі..


 


Қорыта айтқанда, мектеп – бал балалық естелігі, есею баспалдағы, білім мен тәрбие бесігі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу