19.01.2022
  1048


Менің бауырларым

Менің 4 бауырым бар. Олар 2 ағам, әпкем және кіші інім. Біз отбасымызда көп адам болғандықтан, үнемі шуласып отыруға үйренгенбіз. Біздің шыны керек ішіміз пысатын уақытымыз болмайды. Біздің үйге келгендер бізді Один дома фильміндегі отбасыға ұқсатып жатады. Әрине, онысымен келісеміз. Маған өзімнің отбасым, бауырларым қатты  ұнайды.


 


Өзге үйге бара қалсам өз бауырларымды аңсап тұрамын. Біз көп болғандықтан ба екен, үй тірліктері, сабақ қарау секілді мәселелерге ата-анамыз бастарын қатырмайды. Себебі ол істер бізден артылмайды. Басқа үйдің балалары бірін-бірінен аумай қалса біздіңкілер бір-біріне мүлде ұқсамайды. Мінездерін айтамын. Бір тұйық, бірі ашық, бірі көңілді, басқасы салмақты. Ал сырт пішінімізге келсек, ол да айтарлықтай ерекшеленбейді. Ағам мен әпкем ұзын бойлы, ал кіші ағам мен інім аласа бойлы, менің бойым орташа десек болады. Ортаңғы бала қара торы келген жәнен мен де аздап қарамын, басқалары сарышын келген. Десе де біз біріміз үшін біріміз қатты уайымшылмыз. 


Біздің таңертең тұрып сабаққа баруымыз бір мұң дерсіз. Бәріміз бірдей тұрып жиналғанда үй аласапыран болады. Бәріміз дабырап шай ішеміз, жиналып, киініп... Мен шынымен өміріміздегі бұл кезеңдерді ең бақытты шағымыз деп білемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу