Өлеңдер ✍️

  14.01.2022
  133


ЕРМҰХАНБЕТ МҰРАТОВ

Мәңгілік ел сүйемін!

Сүйем, нар – Алашымды,
Қадірін сенде білесің.
Қазақия елі Тағала сынды,
Екінші бізге ұлы есім.
Арлығып баққан, арлығып туып,
Аналар «әлди» жыры бар.
Елімді менің, Мәңгілік қылып,
Төсінде жатыр ұлылар.
Бұл жерде ханға, жырын құлға арнап,
Ақындар өткен арқырап.
Келер күн қалай бұлыңғыр болмақ?
Тарихым тұрса жарқырап.
Бұл жерде билер ісімен ғана,
Тас қылып түйген қауымын.
Батырлар өткен мысымен ғана,
Жүрегін жарған жауының.
Шытырман талай шырғалаңдар да,
Бабамнан өшпес жыр қалды.
Тілім деп жүрген тұлғалар бар да,
Біз мәңгі болмай, кім мәңгі!?.
Елімді сүйем, бар асылымнан,
Жерімді сүйем құлай да.
Қазақтай елдің баласы қылған,
Құдайға шүкір, Құдайға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу