10.01.2022
  1021


Автор: Жібек Ысқақова

4 жыл болды біз отау құрғанымызға (жігіт)

Сүйген жарым, жанжарым,
Баға жетпес асылым.
Бас қосқалы мінеки,
Төрт жыл болды ғашығым.

Өзіңменен әр күнім,
Күлімдейді, жайнайды.
Құлпырып бұл тағдырым,
Күндер өтер балдайды.

Төрт жылымыз ұлассын,
Мәңгілікке жанжарым.
Болшы аман қасымда,
Шырайлы атып таңдарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу