28.12.2021
  356


Автор: Жібек Ысқақова

Көктемнің алғашқы мерекесімен!

Көктем келді сүйіктім, асыл жарым,
Жүрегімде жайқалған жасыл бағым.
Құтты болсын мерекең келіп жеткен,
Сүйген жарым шаттықта атып таңың.

Бұл өмірдің қызығына тоймай жаным,
Құлпыра бер тамыр жайып тереңінен.
Отбасының жайқалған гүлі өзің,
Орын алған мәңгілік жүрегімнен.

Жадырасын, жайнасын жүзің жаным,
Бұл көктемдей тамаша күйге еніп.
Шаңырақтың шаттығы күлімдейді,
Бақ-береке өзіңмен бірге келіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу