23.12.2021
  528


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз құтты болсын!

Мұғалімсіз білім дұрыс болмайды,
Мұғалімсіз білім орны толмайды.
Жасай берші мұғалімдер, сіздермен,
Білім нәрі қанат байлап самғайды.

Құтты болсын мерекеңіз кеп жеткен,
Айналаны нұрға бөлеп, гүлді еткен.
Мұғалімдер абыройың асқақ боп,
Еңбектерің жана берсін, тербеткен.

Жадыраңыз, жайнаңыз да күліңіз,
Мұғалімдер амандықта жүріңіз.
Биіктерді бағындырып шәкіртің,
Жақсылығын, қуанышын көріңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу