Өлеңдер ✍️

  13.12.2021
  184


Автор: Жанбай Өзденбаев

Жаз кетті кенеттен


Кеудешесі кенептен,
Белгісіздеу себеппен,
Келте көйлек жаз кетті
«Қош» деместен, кенеттен.

Күздің мынау сыңайы –
Күміс селеу самайы.
Сәукеленіп қамысы
Судың салқын маңайы.

Мизам іліп гүліне
Ұзады жаз шынымен.
Үсті қырдың боз қырау
«Уһлеген» түнімен.

Озған күндер ілгері
Көшкен құстай күздегі –
Көкке қанша үңілсең
Көрінбейді іздері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу