Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  4128


Автор: Дилбар Маликова

Ұлым

Ұлан, ұлым мың құбылған заман бар,
Ниеттері жақсы - жаман адам бар.
Өкінбейтін, өнегелі өмір сүр!
Сағыңды еш сындырмасын жамандар.

Өзіңе сен, бір Аллаға табынғын,
Тек сәждемен күмәндардан арылғын.
Бақыттымын, қос құлыным қуанса,
Бір бөлшегі сендерсіңдер жанымның.

Бүгін сенің туған күнің құлыным!
Мейірімдім, қуанышым, тұнығым.
Мына жарық, жалт етердей жалғанда,
Мәнді, әнді ұзақ болсын ғұмырың.

Ақ батасын алып жүрші халқыңның,
Білімді бол, жақсылыққа талпынғын.
Жақсы тілек жазып жатса достарым,
Ниеттері қабыл болсын жалпының.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу