Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  1831


Автор: Жібек Ысқақова

Колледж бітірушілерге, түлектерге құттықтау тілектер

Колледж аттап, студент атанғандар,
Үлкендерден риясыз бата алғандар.
Бүгін міні колледжді бітірдіңдер,
Қуанышта, шаттықта атып таңдар.

Құтты болсын диплом алғандарың,
Орындалып аңсаған армандарың.
Әрі қарай арманмен биік самға,
Орындалсын ойлаған бар арманың.

Дипломның жемісін көріңдер бұл,
Жұмыс жасап еліміздің төрінде бұл.
Мамандықпен жұмысқа орналасып,
Жұмыс жасап жайнасын көзіңде нұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу