Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  1323


Автор: Жібек Ысқақова

Универ бітіруші Студент түлектерге құттықтау тілек

Студенттік күндерің артта қалып,
Бүгін міне универді бітірдіңдер.
Төрт жыл бойы оқыған білімдерің,
Сыйласын тек алдыңда жарқын күндер.

Ұйқысыз өткен түндерің жеміс берер,
Жас маман боп сапарға жол тарттыңдар.
Сапарларың оң болсын жас мамандар,
Жаңа жолдан шынайы бақ табыңдар.

Еңбектерінің ақталып, жарқыраңдар,
Істеріңнің нағыз белді маманы боп.
Көктемдегі гүлдейін жайқалыңдар,
Уайымы жоқ боп сендер қарыны тоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу