Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  1765


Автор: Жібек Ысқақова

Универ түлектеріне студенттерге құттықтау тілек сөздер

Универді бітіріп, диплом алып,
Студенттік өмірді тамамдаған.
Шын жүректен түлектер, тек сәттілік,
Жұмыс жасап әрқашан артсын бағаң.

Алған білім сендерге бақ әкелсін,
Астарыңа айнымас тақ әкелсін.
Еңбектерің еселеніп әр күн сайын,
Марапаттау, алғысы бар хат әкелсін.

Көңілдерің шаттықтан арылмасын,
Өмірлерің оттай боп жалындасын.
Қандай жағдай болмасын Алла жар боп,
Жаңа өмірде жұлдыздай бағың жансын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу