Баталар ✍️

  19.10.2021
  377


Құтты болсын туған күн

Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен;
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке.
Белден жайлап буған күн.
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн,
Әкең келіп төбеңнен,
Тебіріне төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың,
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тарты екен» деп,
Бетіңді ашып көрген күн.
Туған күнің жыл сайын,
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер.
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.
Әумин.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу