Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  123


Автор: Исраил Сапарбай

Борпық қарды борбайлап

Борпық қарды борбайлап,
Соқа басым сорқайнап,
Жаның күйгiр жастықтан
Кетiп қаппын шалғайлап.
Басқа шауып балдай бақ,
Жəннат, лəззат жан жайлап,
Мамырдағы майсадай
Тамырдағы қанды ойнат!
Таң шапағы қарда ойнап,
Тəттi ұйқыға қанбай ғап,
Мен жатайын жаныңда
Əлсiз жанған шамдай боп…



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу