Аңыздар ✍️

  26.08.2021
  143


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қорамжан (І нұсқа)

«Қорамжан» жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы екен. Байдың түйесін бағып жүріп, қыстың бір боранды күні адасып, үсіп өліпті. Сондағы қайғылы хабарды естігенде, шешесінің:


«Жалғыз қалған сорлы анаң,
Қайғы мен зарға жаралған.
Ажалың болды бораннан,
Айналайын Қорамжан,
Сорлап қалдым, Қорамжан!
Зарлап қалдым, Қорамжан»,—


деп айтқан жоқтауынан туған күй екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу