Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  140


Автор: Сайын Назарбекұлы

Бәсеке

Атағының жаны ашып жабысына
Қазақтар жүр жарыста сағы сына.
Арғымағын оздырып ағылшынның
Бiр қазақ жүр мастанып табысына.
Жатты-ау о да бесiкте тербетiле
Қалай қарап жүр солар ел бетiне?..
Бәйгi алады бiр қазақ Барбасарды
Түрiкпеннiң талатып төбетiне.
Қырсығынан сондайдың көшiм қалық,
Ал мәңгүрт жан мәз-мәйрам, төсiн қағып.
Болмайды екен күтпесем бiр күшiктi,
Бiр құлынды беретiн өшiмдi алып.
Сан таластым бiр кезде ектемдермен,
Жетпей тiлiм қорланып көктенген мен.
Ендi еш алам өлеңмен өз тiлiмде
Өзге тiлмен өзiмдi секкендерден.
Бәстесемiн – озамын бәрiнен де,
Тарихтың, табиғат нәрi менде.
Қазақ атам қалпына қайта түсер
Бойдан иiп беретiн бәрiн елге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу