Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  144


Автор: Бағлан Ерғали

Отаным

Елді ойлап болашаққа алаңда,
Отан сенің қамқоршың да, панаң да.
Ұлың - қыран, қызғалдақтай қызың - гүл,
Жер жетпейді, Отан саған ғаламда.

Тым ерекше сендегі жаз, көктемің,
Гүлдей жайнап құшағыңда көктедім.
Құлазыған жаныма дауа болған,
Бөлек екен балдай суың, оттегің.

Кіндік қаным тамған жер, алтын далам,
Көкмайсаңда жүгірсем шалқып қалам.
Құндағында тербеген Ұлы Абайды,
Бар асылдан қымбатсың, Халқым маған.

Сенде туды неше ақын, қанша алып,
Еңбек еткен сар далаңда жан салып.
Тұғырыңды түсірмей ел алдында,
Отаным деп жырлап өтем ән салып.

Балапандай ұшып шыққан ұядан,
Отанымнан жылу алам, сый алам.
Не бердім деп мына туған жеріме?
Өз халқымнан қымсынамын, ұялам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу