Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  182


Айсұлу Рүстемова‎

Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме

...Бар, бар екен бақыт деген расында!
Ұқсайды екен бұрқасынға, жасынға!
Ол да мендей өркөкірек, өзімшіл,
Өзге нәрсе армандайды қасымда!
Шырқын бұзып қайтем оның, долданып.
Күлем еркін. Жыламаймын зорланып.
Көрем күнде. Келе жатам көшеде
Бақытымды қолға алып.
Ез деме де, күйкі деме. Ер деме!
Сенемін мен тұрағы жоқ желге де.
Сырымды айтып Ай мен Күнге, аспанға.
Күн көтеріп жүрем ылғи кеудеме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу