Өлеңдер ✍️

  04.05.2021
  205


Автор: Сүйінбай Аронұлы

Жұмыққа

Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып.
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң,
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді келген, кеткен
аңдамайсың,
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсін қасиетін,
Жаман ойға келгенде талғамайсың.
Қиял мінез, тымырық, от пен жалын,
Қайтейін, осыныңа арланбайсың.
Сүйінбай Алатаудай атым дардай,
Жатқанымда болдым ғой шөккен нардай.
Еңбегімен екі ауыз із қалмастан,
Көктемдегі жер тартты кеткен қардай.
Ақылымды қараңғы қалған басып,
Сау күнімде құдайым еске салмай.
Ауру билеп, бойымнан әлім кетті - ау
Бауырсаққа илеген кескен нандай.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу