01.05.2021
  139


Автор: Мұратхан Шоқан

Еліңе зияның тиетін жерден абырой іздеме...

1.Біреудің басқа жайлы айтқан пікірі оның ыдысында не барынан дерек береді. Ыдыста қандай зат болса, сондай иіс шығады.

2.Әр сөзінде халықтың аяулы ұлдарын қаралап, халықтың қамын жейтінін айту - атаққұмар адамның ісі.

3.Пікіріне пенделік араластырған адам бұзылған таразы секілді... Бұзылған таразының дұрыс өлшемі болмайды.

4.Ақылды билеуші өз халқынан жау іздемейді.

5.Соғыстың тоқсан тоғыз тәсілі бар. Біреулер жауынгер болу тек қана ұрандап шабуылға өту деп ойлайды... Соғыста ол да керек. Бірақ алдыңғы шепте апталап аңдып жатып, елдің көзіне түспей, негізгі нысанның көзін жоятын мергендер де болады. Тереңірек барсақ, артқы шептегі дән өсіруші дихан да соғысқа қатысушы емес пе?..

6. Еліңе зияның тиетін жерден абырой іздеме! Халықтың көз жасына қалып, көгермейсің. Өйткені көз жасы ащы болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу