Өлеңдер ✍️

  30.04.2021
  318


Автор: Юсуф Шұғай

Бақыт бағдары

Жылдар өтті, айлар кетті, келмес қайта айналып.
Сонда да біз есіміңді, жүректерден бір сәткеде жоймадық .
Өзіңді аңсап , сағыныштың сәулесіне шомылып ,
О , Пайғамбар оңашада, отырмын мен ойланып .

Атыс, шабыс, қараңғылық бар әлемді қаптаған .
Қу мүсінді жаратушым құдайым деп мақтаған .
Кер заманда, өзің келдің әз пайғамбар әз елші ,
Адамзатты бір Алланың ақ жолына бастаған .

Туралықтан, адалдықтан , айнымадың қас қағым .
Үмметіңнен бұл өмірде, ойламадың басқа мұң .
Мұхаммадүл әмин деп сені атады ,
Ақыл қосар достарың мен көре алмайтын қастарың .

Сенің жаққан шам шырағың лаулап ұзақ жанса екен .
Шыншылдығың үмметіңе мұра болып, өшпей мәңгі қалса екен .
Елін алдап, дүние үшін екі сөйлер жандар болса егерде ,
Адалдық пен туралықта өмірінде сенен үлгі алса екен .

Бұл өмірде қарапайым жан болуды таңдадың .
Атақ , мақтан , астамдыққа көз қырыңды салмадың .
От жағылмай ошағыңа, дасдарқаның жайылмай .
Екі ай бойы атқан екен қара су мен таңдарың .




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу