Эсселер ✍️

  05.06.2024
  103


Автор: Әділет органдары, заңгерлер күні

Әділет органдарының қызметкерлері, заңгерлер күні

30 қыркүйек Әділет органдарының қызметкерлері, заңгерлер күні тойланады. Олардың ел үшін деп жасап жатқан еңбектері зор. Әділдік үшін күресетін, шындық үшін шырылдап үн қататын Әділет органдарының қызметкерлері мен заңгерлер қауымы расыменде еліміздің тыныштығы үшін, халықтың құқықтары үшін еңбек етеді. Олардың осындай еңбектерінің бағаланар күні, түрлі марапаттарға ие болатын атаулы мерекелі күні қыркүйек айының отызы. Дәл осы күні аталмыш маман иелерінің мәртебелері асқақтап, мерейлері үстем болатын күн. Әділет органдарының қызметкерлері әділетті жақтайтын, шыншылдықты сақтайтын, ақша үшін арын сатпайтын, ел үмітін ақтайтын жандар болуы тиіс. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, демекші. Арасында ақша үшін шындықты бұрмалайтын заң қызметкерлері бүкіл әділет органдарының қызметкерлерінің атына кір келтіріп жатады. Шынында да, бес саусақ бірдей емес демекші, өз істерінің адал қызметкерлері де жоқтың қасы емес. Адал қызметкерлер көп десек те болады. Сондай адал да мейірімді, шындықты жақтап, бұрмалауға жол бермейтін әділет органдарының қызметкерлерін келіп жеткен кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу