Адалдық пен әділдік ашық сабақ


Адалдық пен әділдік

Мақсаты

Оқушыларға адал,әділ, адамгершілік ұғымдарына түсінік беру.

Бір-біріне деген көңілі таза, пейілі кең, шын дос бола білу ұғымдарын қалыптастыру.

Шындықты айта білуге тәрбиелеу.

Қ.Нақысбеков

Білім мен өнерді сүй, сусында,

Деп айтсын ел: “Осындай ер тусын да!”

Арың-адал, әділ болсаң әрқашан

Дүниенің бір бақыты уысыныда

Түспегені абзал ғой арға дақтың,

Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.

Адал адам әрқашан-еңсесі тік,

Әділдікті ту еткін, қолғанатым.

Адал дос дегенді қала түсінесіңдер?

Әділ болуға ұмтылу не үшін қажет?

“Адалдық-адамдықтың белгісі” дегенді қалай түсінесіңдер?

Адалдық кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық ұғымдарымен неліктен қатар жүреді?

Адам айналасымен қарым-қатынаста жағымды қаситтерді мәдениеттілікпен көрсете алуы әдептілікке әкеледі.

Әдептілікке елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегенділік, инабаттылық, кішіпейілділік және басқа да жақсы, сүйкімді қылықтар жатады. Әдепті адам өзіне және өзгелерге, қоршаған ортаға түсіністікпен, құрметпен қарайды.Әдеп сақтау-адамгершіліктің белгісі.

1.Талғат телидидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді.Сол мезетте інісі жүгіріп келіп “сізді досыңыз Самат шақырырады” деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей “мені жоқ дей салшы” деді.

Талғаттың әрекеті туралы не айтасыңдар?

Талғатқа қандай кеңес берер едіңдер?

2.Сенбілікте сынып жетекшісі тазартуға тиісті орындарға 10 оқушыдан бөліп,әр топқа бір оқушыдан жауапты етіп қойды.Апайын директор шақыртып алды.Апайы келсе 2 топ оқушылары қашып кетіпті.Апайы директордан сөгіс алды?

Оқушылардың істеген әрекетіне қалай жауап бересіңдер?

3.Тәрбие жөніндегі орынбасары Наурыз мерекесін өткізуге байланысты ойланып келуге тапсырыс берді. Сен өз идеяңды топтағы сыныптастарыңмен бөлістің. Бір сыныптасың жиналыста сенің идеяңды өзінің атынан айтты.

Сен не істер едің?

1-тапсырма

Төмендегі сөздерге өз ойыңша анықтама беру.

Адалдық-

Әділдік-

2-тапсырма

Төмендегі берілген “Адалдыққа” қатысты сөздерді өзің үшін ең маңыздысынан бастап орналастыр: шыншылдық; әділдік; мойына алған ісінен жалған сөйлеу; жалтармаушылық; уәдесіне тұрушылық; таза ниет; ар-ұждан; басқаға қиянат жасау.

Адалдық.

Адалдық өміріңе керек нәрсе,

Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.

Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,

Адам боп, өзін-өзі меңгермесе.

Д.Әлімжанов

Үй тапсырмасы:

3-тапсырма. “Адалдық-адамдықтықтың белгісі” тақырыбына әңгіме жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу