Экологиялык мадениет


Экологиялық мәдениет

Макулбекова Айжан Абдурахмановна

Экологиялық мәдениетжалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялықЭкологиялық проблема Экологиялық проблемапроблемалардыңЭкологиялық проблема өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті тәжірибесіхимиялықХимиялық ластану Химиялық ластануластануданХимиялық ластанушуданШудірілдерденДірілдер (мұндай бет жоқ)электрмагниттікЭлектрмагниттік сәулелену (мұндай бет жоқ) Электрмагниттік сәулелену (мұндай бет жоқ)сәулеленуденЭлектрмагниттік сәулелену (мұндай бет жоқ)радиацияданРадиация және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялықСанитариялық мәдениет (мұндай бет жоқ) Санитариялық мәдениет (мұндай бет жоқ)мәдениетСанитариялық мәдениет (мұндай бет жоқ) ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфераАтмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысынаөсімдіктерӨсімдіктер мен жануарларғаЖануарлар қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді.

Экологиялық мәдениет түсінігі.

Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.

Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі табылады деп сеніммен айтуға болады.

Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.

Мәдениет өзінің даму барысында белгілі бір мағынада өзі мәселелерді туғызды және сол мәселелерді шешу үшін біз қазір мәдениетке жүгінеміз.

Ян Щепаньскидің пайымдауынша: «Ұрпақтан – ұрпаққа берілетін белгілі бір идеялар болады. Бұл идеялармен құндылықтар жүйесі байланысты. Олар индивидтер мен топтың іс - әрекеті, мінез – құлқын, қабылдау және ойлау әдісін анықтайды. Бұл барлық жиынтық мәдениет деп аталады»

Мәдениет экологиясы терминін алғаш ғылыми айналымға енгізген Д. С. Лихачевтың пікірінше этикалық – рухани құндылықтарды ашатын экологиялық мәдениет сұрақтары зерттеуді аса қажет етеді. Экологиялық дағдарысқа қауіпті тудыратын тек сыртқы ортаның ластануы ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі әлемінің, мәдениетінің, санасының ластынуы да экологиялық қауіпті құрайды деген ғалымның ойына қосылуға болады

Егер «мәдениет» түсінігінің бастауларына көз жүгіртсек, адамның табиғатқа қатынасы үнемі мәдениетпен «өңделіп» отырды. Ондай қатынастың бастапқы негізі ретінде қоғамның қарапайым қажеттіліктері болды, ал табиғатты адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың тәсілі ретінде қабылдады. Қоғам табиғатты «құдайландырып», онымен «диалогқа» түсуге тырысты. Адамдар негізінен табиғаттың тұтастығын, өзінің табиғатпен байланысының үзілмейтіндігінжақсы сезе білді және қабылдаушы мәдениеттен өндіруші мәдениетке көшу арқылы әлеуметтік - мәдени экспансияның рычагі арқылы табиғатпен байланысын күшейтті.

Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялауға, қорғауға бағытталған білімі, іскерлігі, дағдысы, оны жүзеге асыруы. Яғни экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты – адам – қоғам – табиғат жүйесіне үйлесімдік орнату, табиғи байланысты сақтау, молайту, тиімді пайдалану, жуапкершілік сезімін арттыру. Экологиялық мәдениет бұл – адамдардың табиғатты қабылдау деңгейі және әлемдегі өзінің орнын бағалауы, адамның әлемге деген қарым – қатынасы.

«Экологиялық мәдениет» түсінігінің генезисін қарастырсақ. Бастапқыда термин әлеуметтік қарым – қатынастардың белгілі бір түрін бейнелейтін, нақтырақ айтсақ қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты бейнелейтін табиғаттың бірыңғай сегментін, бөлігін білдірді.

Бұл ұғымға бірнеше зерттеушілер бірін –бірі толықтыратын әр түрлі анықтама береді:

В. Межжерин экологиялық мәдениетті ғылым, технология, дін, философия, астрология, әдебиет, өнер барлығы бірге адам өмірінің образын жасағандығын факт ретінде қарастырады. Ол арқылы шынайы әлеммен өзара байланысты орната отырып, адам өзіне қабілеттіліктің, икемділіктің жоғарғы формасы ретінде қарастыруға болатын қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз Жер планетасындағы экологиялық адамның пайда болуын білдіреді.

Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе – теңдігін ұстау мүмкін болады.

Ғылымда кез – келген құбылыс оның дамуының диалектикасы арқылы қарастырылу керек деген түсінік бар, яғни қалай пайда болды, өзінің эволюциясы барысында қандай кезеңдерден өтті, өзгерістердің болуына не себеп болды және т.б.

Адам мен табиғат қарым – қатынасының тарихи дамуының бастапқы кезеңі архаикалық дәуір болды. Бұл кезеңде адам табиғаттың барлық заңдыдылықтарына бағынып, онымен ажырамас бірлікте болды. Осы уақытта қоғам табиғатты өзінің қажеттіліктеріне емес, керісінше қоғам табиғатқа бейімделеді. Бұл кезеңнің экологиялық санасының ерекшеліктері мифтер жүйесінің анализі арқылы көрініс таба алады.

Нақ мифтік шығармашылықта алғашқы қауымдық адам өзін табиғи ортадан бөлуге және табиғатқа өзінің тәжірибелік қарым –қатынасын көрсеткісі келді. Мифтік санада алғашқы қауымдық адам мен топтың, адам мен табиғаттың бірлігі көрініс табады. Сонымен, алғашықы қауым адамы өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырады.

Уақыт өте келе адамзат қоғамының даму барысында адам табиғатқа физикалық тәуелсіз бола бастағаннан кейін, адам табиғаттан алыстай бастайды. Табиғат адамға қарсы қойылған, оған тәуелсіз ретінде қабылданады. Бұл табиғаттан алыстау кезеңі бірнеше кезеңнен өтті.

Бірінші кезеңде табиғатқа деген қарым –қатынас ақырындап өзгере бастайды. Кейбір авторлар мифтің диалектикалық қарама – қайшылығының мәні өзін табиғатпен бір деп сезінумен, саналаумен қатар, қиял, ой жүзінде табиғат күштерін бағындыруды қамтығанын атап өтеді. Мұндай табиғат күштерін ой жүзінде бағындыруда кейінгі өндірістік дамуды көрсететін және қиялды тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыруды құрайтын революциялайтын негіз болды. Бұл жануарлық тұрмыстың, өмірдің аяқталуы мен рухты табиғаттан ажыратудың бастамасын білдірді. Осы кезде адам табиғат құбылыстарын түсінуге тырысады. Бұл әлемдегі болып жатқан барлық нәрсені басқаратын басқа әлемдік рухтар бар деген көзқарастың қалыптасуына әкеледі. Қоғам дамуының бұл кезеңінде табиғатқа қарым – қатынас магиялық дәстүрлердің толық жүйесі ретіндегі адам санасында көрініс табады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу