Эсселер ✍️

  05.06.2024
  114


Автор: Әділет органдары, заңгерлер күні

Өскенде мен де Заңгер боламын

Қазіргі уақытта мен мектепте оқитын мектеп оқушысымын. Менің бар арманым 11 сыныпты бітірген соң Заңгердің оқуын оқимын. Әділет органдарының қызметкерлерінің бірі болып, еліміз үшін аянбай қызмет етемін. Заңгер болу өте жауапкершілікті талап етеді деген ойдамын. Ең бірінші өз құқығыңды білу, басқа да қарапайым халыққа өз құқықтарын білуіне жол ашу Заңгерлердің басты міндеті деп білемір. Сондықтан, ел үшін деп қызымет етіп жүрген Заңгерлер қауымы ең бірінші халықтың жайын ойлап, әрбір адамның құқығын сақтау керек.
Түрлі іс-қағаздармен жұмыс жасап, заңымыздың тармағына қарай куәландыратын Заң орындаушылары өз істерінің нағыз мамандары болмақ. Мен Заңгерлікті оқып, осы саланың білікті маманы болғым келеді. Қазіргі таңда қызыметте жүрген Әділет органдарының қызметкерлері сияқты Әділетті Қазақстан құру жолында аянбай еңбек еткім келеді. Жемқорлықтың тамырымен жойып, әділдікті алға бастасақ еліміздің ертеңі жарқын боларына бек сенімдімін. Ел ертеңі үшін жұмыла жұмыс жасайық, білікті де әділетті маман болу үшін бойымыздағы жалқаулықты алып тастап, бар күш, жігерімізді жинап, біліміміз бен тәрбиемізді ұштастыра білейік! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — демекші, Еліміздің болашағы үшін бірге қызмет етейік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу