Өлеңдер ✍️

  24.05.2024
  651


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Ақбөкен


          


Иен даламның көтерген әруағын,


Ақбөкен қасиетті жануарым.


Сұлулығың неткен ғажап жаратылыс,


Жанарың наркез әсем сәруарым.


 


Түз тағысы Бетпақтың даласында,


Ешкімнің шүбәсі жоқ таласуға.


Адам – ата, Хауа – анадан пана іздеп,


Барған дейді жануарым о басында.


 


Ақбөкен танау қағып желге шығар,


Апыр-ау, бар сұлулық сенде шығар.


Адам ата дарытқан өн бойына,        2-рет


Қасиетің жаратқан емде шыған.


 


Сертшіл ең дала кезген ақбөкенім,


Шөлейтті мидай жазық – бақ мекенің.


От жанарың мөлдіреп сездің бе екен?


Жүрегі бұл адамның қатты екенін.


 


Мың – мыңдап жүретін ең үйіріңмен,


Зауладың ұшқан құстай, сүйініп ем.


Түйетабан, шүйгін шөбін қорек еттің,


Тұрқың бөлек тыныс алсаң бүйіріңмен.


 


Сен – дағы Сарыарқаның сәні едің,


Самал желмен жарысқан әнім едің.


Мүйізін кәсіп қылған қаскүнемдер,    2-рет


Арланбаған ашкөздерге дәрі ме едің?


 


Адамзат, табиғаттың жүйесі бар,


Әр дүниенің пайғамбардай иесі бар.


Қарғысы атып жатқан шығар, бәлкім...


Халық айтқан «киіктің де киесі бар».


 


Қайран бөкен, жосып өткен кең даланы,


Қандай қаскөй қиды екен қанға малып?


Көңілім құлазыған жетімдейсін,


Төсінде Бетпақ шөлдің мұң бар анық.


 


Сайын дала төскейін жасқа малып,


Мұңға толы мүлгиді аспан алып.


«Дала заңын», ағайын ұмытпайық,    2-рет


«Кие» деген ұлы сөзден бастау алып!


 


Айтбек Рымбекұлы Әліпов, Астана, мамыр 2024ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Манас
Манас 02.06.2024 12:59
Маңдайының соры бес елі жануарым-ай... Қадіріңді қашан түсінер екенбіз?! Айеке, өзекті мәселені шығармаңызға арқау етіп сіз. Жазарыңыз таусылмасын!
Мадияр
Мадияр 28.05.2024 09:37
Ұнады ???
26.05.2024 10:42
Бэрі керемет! елендері ерекше, магыналы суйіп тындаймын.Сезін сіз жазып жургенінізді казір біліп отырмын. 20 и...
25.05.2024 23:59
Салеметсізбе Айтбек ага!Қалдарыныз калай? Окыдым өленді, өте керемет ??? необычное что то новое, про животное написали очень интересное и позновательное ???
Әлмұқан Доскен
Әлмұқан Доскен 25.05.2024 22:58
Айтбек қаламың ұштала берсін, өте керемет табиғатпен үндескен туынды. Ақындар да осы уақытқа дейін дәл сен сияқты адам мен табиғат арасындағы байланысты жеткізе алмады. Қазақ халқының кие деген ұғымын терең мағынада суреттеген
Дүсенбай
Дүсенбай 25.05.2024 22:21
Армысың қаза елім, балалық шағымда осы кйіктң арасында өстік десем артық болмас, сол кйелі Кйігміздің қаобры кетіп қазақтың жанына батып жүрген заман. Қайткен күде кійкті ату тоқтатлсын......

Пікір жазу