14.05.2024
  426


Автор: Ташкенбай Бекарыс

Не үшін үйлену керек?

Әр бір ер азамат ертеңін ойлайды. Бірақ әркім әр түрлі көзқараспен болашағын жоспарлайды. Біреу бай болсам дейді, біреу махаббатпен, қиыншылық көрмей өмір сүрсем дейді. Әрине әр адам мағыналы, мәнді өмір сүруді қалайды. Бірақ сол болашаққа дұрыс бағыт бағдар қойып, нық қадам басып жатырсыз ба? Кешегі күніңізбен қазіргі күніңізде болашаққа деген өзгеріс бар ма? Осы сұрақтарға өзіңізде жауап іздеп көріңізші. Болашақтағы ең басты мақсаттың бірі отбасы құру. Отбасы құру екі жастың үйленіп, бала шағалы болып кетуі емес. Отбасы құру үшін дайындық керек. Білім, сана, рухани азық керек. Жас кезде алған білімің, қарттыққа жиған азығың дейді.Қазірден алдағы сынақтарға дайын болсаңыз, шешімін қазірден іздесеңіз қиындықтан өту сізге жеңіл болады. Қап әттегенай, кезінде осылайжасаукерек едім ғой—деген
өкініштердің алдын аласыз.
Өмір-ең ұлы тәрбиеші. Бірақ өмір тәрбиелесе қиын болады. Өмір аямайды. Басыңыз әр тасқа бір соғылып жүргенде уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. Өмірден керегіңізді аласыз бірақ уақытты жоғалту есебінен. Бұл өмірде бізге берілген әрбір секунд маңызды. Адамға ақыл ой, таңдау еркін бекерден бекер берген жоқ. Біздің жануарлардан айырмашылығымыз сол. Біздің ең басты мақсатымыз Алла тағаланың разылығын алу. Қалған дүниелер сол
Алланың рақымына іліну үшін этап этаппен төмендей береді. Соңында біз жасау керек болған дүние ертеңгі күніңді жоспарлап, әрекет етуге келіп тіреледі. Әр бір жасаған ісіңіз түбінде Алланыңрақымын алуғажетелеу керек. Біздерге оқуға көз, ойлауға сана берді. Ең бастысы таңдау еркін берді. Қаласаң осы дүниеде істеріңді істеп қал, қаласаң ақыретіңе сауап жина.
Отбасы құру үшін саналы жігіт, саналы қыз керек. Адамдарды санасыз дегім келмейді, бірақ әркімнің санасы әр түрлі деңгейде. Сол секілді басқа түскен қиындықты әр адам өз деңгейінде қабылдайды. Әлеуметтік желіде кең таралған екі сұрақ бар еді ғой. Сол сұрақты әр адам өзіне қойып көрсе деймін.
•Егер арада бала болмаса мен бұл адаммен бірге тұруға дайынмын ба?
•Егер кенеттен ол адам мүгедек болып қалса бірге тұруға дайынмын ба?
Көп жастар бұл сұрақтарды кеңінен ойлап қарамайды. Махаббат болса бәріне шыдауға болады деп көбісі ойлайды. Бірақ бұл ауыр әрі үлкен мәселе. Бұл сұрақтар әйел мен еркекке келгенде қоғамда екі түрлі көзқарас пайда болады. Менде өз ойымды білдіре кетсем.
Егер отбасыда бала болмауының себебі әйелде болса? Еркек айтады:меніңұрпағымдыжалғастырушы әйел керек, екінші әйел аламын дейді немесе туысқандар соған үгіттейді. Егер екі адамда саналы
болса ақылмен дұрыс деген шешімін қабылдайды. Не екінші әйел алады, не бір жетімнің басын сипап, асырап алады. Бірақ бұл жерде еркекте кінә жоқтығына байланысты бала асырап алуға көп еркектердің келіспесі анық. Не дегенмен белінде қуаты барда екінші әйел алғысы келеді. Бұл жағдай әйелдерге өте ауыр. Болып жатқан істер әйелді тыныш ғана ажырасуға итермелейді.
Егер бала болмауының себебі еркекте болса? Бұндайжағдайдықоғамдакөп естей бермейміз. Әрине ол еркектің намысы. Оны айтуға намыстанады. Өлімнен ұят күшті. Пәленше осындай екен деген сөзден бас көтеріп жүру өте ауыр. Ол үшін ажырасып кететін әйелдер де бар, бірақ еркектерден қарағанда аз. Қазіргі уақытта медицина дамыған. Алла шипасын берсе ерде, әйелде емделуге болады. Емделмейтін жағдай болса отбасыны сақтап қалу үшін тек бала асырап алу дұрыс шешім деп ойлаймын.
Мүгедек болып қалу жағдайы тура осы секілді. Еркектер жауапкершіліктен қашады, әйелдер асты үстіне түсіп соңына дейін қарайды. Егер мүгедек еркекті әйелі тастап кетсе бәрі әйелге жабылады. Сен әйелсің ғой, сенің міндетің ғой. Күйеуіңді қиын кезде тастап кетесіңбе — деген сұрақтарға, айыптауларға көміп тастайды. Ал еркектер тастап кетсе: Ол еркек. Енді өмірін мүгедек әйелді бағумен өткізсінба? Дені сау әйел табылар — деп жақтаушылар шығады.
Барлық еркектер бірдей емес. Мен жәй ғана көп кездесетін жағдайларды ғана айтып отырмын. Осы сөздерім үшін жаман ойламаңыздар. Менің бұл айтқандарым теңізден тамшы ғана. Бұндай сынақтарды басқа салмасын.
Осындай жағдайларда ер мен әйел бір біріне мықты қалқан болу керек. Ал ондай қалқанды тек саналы жұптар ғана қалыптастыра алады. Ешкімнің сөзіне мән бермей, тек бір біріне сеніп өмір сүретін жұптар ғана бақытты бола алады.Отбасыда ер мен әйел бір біріне дос, сырлас болуы керек. Бір біріне қолдау көрсетіп, түсіну қажет. Ер адам үй шаруасында әйелді қолдау керек. Ал қоғамда еркек әйелдің, әйел еркектің ісін істемеу керек деген ой қалыптасып қалған. Әрбір адам өз өзін асырай алатын, ешкімге тәуелді болмай өмір сүре алатын ТҰЛҒА болып қалыптасуы қажет. Әрине кейбір мәселеде тәуелділік туындайды. Табиғат заңдылығы ер мен әйелде төсек қатынасына қажеттілік болады. Сол себепті ер мен әйел бір біріне серіктес(партнер) болғаны дұрыс. Ойлаңызшы отбасыда ер мен әйел екеуіде жеке тұлға. Бір бірнің ойын толықтырып, ортақ шешім қабылдап, болашағын жоспарласа мақсатына жету қиын емес. Ер мен әйел өз істерін істесе, ал ортақ тәуелділік туындағанда бір біріне серіктес болса өте тиімді шешім деп білемін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу