Эсселер ✍️

  07.05.2024
  38


Автор: Халықаралық архив күні

22 желтоқсан архившілер күні

Архив — тарихи шежіре болып саналады. Архив біздің өткенімізді айқындайтын құжаттарымызды сақтайтын, ұлттардың даму жолын, даму жолындағы болмысын, арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын сақтайтын киелі де құнды мекеме десем қайте айтқаным болмас. . Бұл ел игілігіндегі құндылықтарды, бізге ауадай қажет болатын құдаттарымызды көзінің қарашығындай сақтап, асыл мұраларды болашақұрпаққа қаз-қалпында жеткізілуі осы архив қызметкерлеріне байланысты.
2020 жылы тарих сақтаушыларының еңбегі ескеріліп Үкіметтің қаулысымен 22 желтоқсан «Архившілер күні» деп жарияланады. Бұл атаулы күн  «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізіліп, 48-тармақпен толықтырылған болатын. Кәсіби мерекенің белгіленуі архив саласының рөлі мен беделін арттырып, архившілердің мерейін өсірді. Бұл әрине архив саласында жүрген қызметкерлеріне деген үлкен құрмет болып табылады. Олардың еңбектері расында да ерекше бағалы. Біздің оларға деген ниетіміз бен тілегіміз, еңбектеріңіз жана берсін дейміз! Архившілер жасасын! 22 желтоқсанда тойланатын Архив күні құтты болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу