30.04.2024
  57


Автор: Соңғы қоңырау күні

Мектеп — кеме, білім — теңіз

Мектеп — үлкен өмір жолына қадам бастыратын баспалдақ. Сол баспалдақ арқылы биік шыңдарға жетуің мен жетпей, жолда қалып қоюың өз қолыңда. Өмір бір ғана рет беріледі десек, кеудемізде жанымыз бар кезінде алға ұмтылып, өмірдің бізге беріп отырған барлық мүмкіндіктерін пайдаланып қалуымыз керек.
Сол өміріміздің басты баспалдағы болып саналатын осы мектеп деп білемін. Мектеп атты кемеге мініп, білім деген теңізбен жүзіп өту, сол білімді бойымызға азық етіп сіңіріп алуымыз өз қолымыздағы нәрсе. Ал мектепке барып, білім алып, ұстаздар мен сыныптастарыңмен сыйластықпен араласуың, ертеңгі тарих болып қалмақ. Мұндай таризтың қалай жазылуы өз қолыңда болмақ.
Мектепке алғаш барасың, білім күні болыр, кітаптар таратылып жатса, араға тоғыз ай салып, көзді ашып жұмғанша жылдың соңы болып жатқанын байқайсың. Міне, осылайша соңғы қоңырау есік қағып, жазғы демалысқа аттанасың. Өмір деген расында да қызық қой, қызық жерін сызып қой демекші, осындай қызыққа толы мектептегі күндерің де бір күні тарих болып кететіні анық.
Мектеп бітіруші Түлектерге ақ жол айтып, шығарып салсақ, мектеп қабырғасындағы басқа сыныптарға жаңа оқу жылында қауышқанша деп қоштасып жатамыз. Ия, бұл өмір заңы, осылай алма-кезек өте береді екен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу