30.04.2024
  62


Автор: Соңғы қоңырау күні

Мектептегі күндерім

Мектеп – білім ордасы. Мектепке ең алғаш келгенімізде бәріміз де кішкентай ғана, тарыдай болып қадам басқан едік. Алғашқы қоңырау үні естіліп барлығымыз жата жармаса шуылдаса мектепке, өз сыныбымызға кірген едік. Міне содан бері күн артынан күн өтіп, апталарым қол ұстатпай бірін-бірі қуалап, айларым да үнсіз ғана зуылдап,тоқсандық демалыстарымыз да өз уақытымен өте шықты. Оқу жылының соңғы айы да қалай келіп қалғанын, мамын айы мерекеге толы ай емес пе, мереке деп жүріп мамырдың соңғы күндеріне де кеп қалдық. Ия, бұл Жаратқан иеміздің бұйрығы болар, Алланың қалауымен осы күнді көріп, соңғы қоңырау үнін естіп отырған жайымыз бар.
Соңғы қоңырау күні қимастық болып, ұстаздарымыз бен достарымызға елеңдеп қарай беретін сәт орын алады. Қалай дегенмен де мектептегі күндерің расыменде ерекше ғой шіркін. Сыныптастарыңмен ойнайсың, күлесің, бір нәрсеге таласасың дегендей. Бір үйдің баласындай болып бір сыныпта оқыған балалар бір-біріне ыстық көрінетіні сөзсіз. Шынында да мектептегі сәттер ерекше қызық сәттер ғой шіркін. Оны кейін арада 10-20 жыл өткен кезде байқайсың. Ұстазыңның сен үшін қалай шырылдағанын еске алып, тіпті көзіңе жас келері анық. Міне, мектептегі балалық баоғын шақтар осылай өте шығады екен.
Өмірдің ең тәтті, балалық шақ естен кетпес сәттер осы мектеп қабырғасында орын алады. Ең алғаш рет мектепке қадам басқаның, бастауышпен қоштасып, үлкен сыныптар қатарына қосылғаның, тоғызыншы сыныпты бітіріп, оныншы сыныпқа непесе колледжге барам деп дайындалғаның, 10-11 сыныптарда ҰБТ ға дайындалып жүргенің, жылдың соңында 11 ші сыныптардың мектепті бітіруші Түлектер атанып, мектеппен қоштасып жатқан сәттері бәрі де бір ерекше, көңілді толқытатын кезеңдер деп білемін.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу