Эсселер ✍️

  30.04.2024
  72


Автор: Соңғы қоңырау күні

Бүгін соңғы қоңырау


Міне, кеше ғана қыркүйектің 1-ші жұлдызы деп мектепке асыға барған едік, көзді ашып-жұмғанша жыл соңына табан тіреп отырмыз. Осы оқу жылында бізбен бірге болып, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға рахмет, мың алғысымызды айтып үш ай, яғни тоқсан күндік демаысқа шығып барамыз.
Мектепте өткізген әр күніміз ерекше болып, жүректің төрінен орын алатыны сөзсіз. Біреуіміз биыл мектепке енді қадам басып, 1-ші сыныпты бітіріп жатқан болсақ, енді біріміз басиауышпен қоштасып, үлкен сыныптар қатарына қосылудамыз. Кейбіріміз тоғызыншы сыныпты бітіріп, қолымызда алған куәлікпен колледжге жол тартамыз деп мектеппен қоштасып жатса..он бірінші сыныпты бітірушілер жоғары оқуға түсеміз деп ҰБТ ға дайындалып жатыр... Осындай күндерді артқа салып міне бүгін мамыр айының соңына да келіп жеттік. Жалпы мектептегі күндеріміз балалық шақтың балғын кездері ғой шіркін, бір сәтте тарих беттеріне айналып өте шығатын.
Биылғы соңғы қоңырау да соғылып, бәріміз жазғы демалысқа шығамыз. Мектеп бітіріп жатқан Түлектерге сәттілік тілеп, басқа сынып оқушыларына 1-ші қыркүйек «Білім күні» қайта айналып келгенше аман болайық, дейміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу