15.04.2024
  50


Терезенің арғы беті мен бергі беті


Бүгін мен терезе түбінде отырып, терең ойға кеттім, не ойлағанымды білесіз бе? Көздері мөлдіреген, жүректері жаралы жетімдер үйіндегі терезе түбінде отырған балалар туралы ойладым. Қаншама сәби жүрек арғы беттен әлде кімнің қол бұлғап шақырғанын күтеді, армандайды, тіпті шақырып тұрғандай елестетеді. Мына құрғыр қатты темір іспетті терезені бұзып шыққысы келеді,бірақ шамалары жетпейді. Терезенің арғы бетінде бақытты болашақ күтіп тұрғанын сезеді,сол бақытқа қол созайын десе,бергі беттігі қаталкүзетшілер жіберер емес… Не деген қиын!




       Мен халық пен билікті байланыстыратын көпірмін,болашақ журналистпін. Қоғамдағы шешімі табылмай кележатқан мәселелерді қозғаушымын. Сондай мәселелердің бірі жоғарыда айтып кеткен дүниелер, яғни қазіргі жетімдер үйлері қандай, балаларға қалай қарайды және неге азаймайды?




Жаңалықтардан көріп жатамыз жетімдер үйі тұрмақ, ата-аналар сеніп тапсыратын балабақшалардың өзінде күтушілербалаларды желкесінен алып, ұрып жатады. Не деген қорқыныштыдесеңізші. Адамдардың қатыгез болып бара жатқаны ма, заман қатыгез қылды ма екен? Бір кем дүние..!





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, 3-ші курс, Байназарова Аружан


Жетекші: Н.Б.Рушанова, аға оқытушы





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу